Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда "ән салатын" жолдар пайда болды (видео)

Нұр-сұлтан - Щучинск автомобиль жолында "ән салатын"  жолақтар орнатылды. Мұндай технология елімізде алғаш рет қолданылып отыр. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметінде айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Министрлік хабарлағандай, пилоттық жоба Германия, Корея, АҚШ және Жапония сияқты елдердің тәжірибесін ескере отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігі саласында жаңа технологияларды енгізу аясында іске қосылыпты.

"Ән салатын" жолдар жүргізушілерге қауіпті учаскелердегі жылдамдықты төмендетуге көмектеседі. Әуен автомобиль дөңгелектерінің белгілі бір жылдамдықпен суық пластиктеріне жанасуы кезінде шу пайда болып, әуен шығады.

Көлік 90 км/сағ жылдамдықпен арнайы жолақпен жүріп өткен кезде берілген әуен дыбысты өзгертеді, осылайша жүргізушінің назарын қозғалыс жылдамдығына аударады.

Тәжірибе қорытындысы бойынша келесі жылы "ҚазАвтоЖол "ҰК" АҚ басқа да республикалық автожолдарда "ән салатын" жолдар орнатуды жоспарлап отыр", - деп хабарлады ИИДМ.

 

Талқылау