Қазақстанда сұраныстың артуына байланысты алтынның бағасы 75 мың теңгеге жуықтады

Фото: pixabay.com
Елімізде алтынның бір граммының құны 74 804 теңгеге жетті. Металлдың бағасы екі айдан бері тоқтаусыз өсіп жатыр. Мамандардың сөзінше, бұл қымбатшылыққа әлемдегі күрделенген геосаяси жағдайлар және Америка мен Қытай арасындағы сауда шиеленістері себеп. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.
Елдегі экономикалық тұрақсыздықтан қауіптенген кәсіпкерлер инвестициясын алтынға бағыттаған. Салдарынан сұраныс күрт артып, баға көтерілді дейді.
Фото: Видеодан скрин
"Алтынның бағасы тіпті құлдырап кетуі де мүмкін. Барлығы әлемдік нарыққа байланысты. Қарапайым азаматтар жинағының бір бөлігін теңгелік депозитте немесе доллармен, ал екінші бөлігін жағдайы жетсе, алтында сақтағаны жөн", – дейді экономист Марат Қайырленов.
Қазақстанда алтын бағасы тарихи рекорд орнатты
"Унциясына 1 873 295 теңге": Алтынның бағасы тарихи рекорд орнатты
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда алтынның бағасы 1 грамм үшін 72 мың теңгеге жеткені туралы жазған едік.
Алматыда оқу ақысы 5 миллион теңге болатын элиталық мектепте оқушыларға шикі тамақ берілген
Асхана тамағынан кейін балаларға асқазан-ішек жолдарының функциялық бұзылуы сияқты диагноздар қойылған
Қазақстанда көпбалалы әйелдерге 8 наурызға орай 43 мың теңгеге дейін біржолғы төлем беріледі
Ал қалған 8 аймақта көпбалалы аналарға ақшалай төлем берілмейді екен