Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алимент төлемеген азаматтардың мүлкі күштеп тартып алынуда

Елімізде туған балаларына алимент төлеуден жалтарған азаматтардың үйлері мен көліктері тәркіленіп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап. 

алимент

Ұл-қыздарына қаржылай көмек көрсетуден бас тартқандар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, тіпті қамауға да алынады. Мәселен, бір ғана Қарағандыда алты азамат темір торда отыр. Ал еліміз бойынша 16 мың әке өз перзенттеріне қарыз екен.



"2018 жылдан бастап алимент өтемеген жөніндегі қарызы 3 миллионнан асқан борышкердің Volkswagen Passat автокөлігі анықталып, бүгінгі күні айыппұл тұрағына қойылды. Оның борышын өтеуге он күндік мерзім бүгінгі күні беріліп отыр. Қарағанды облысының прокурорлары былтыр жауапсыз әкелерден 237 миллионнан астам теңгені өндіріп берген. Бүгін де Қарағандыда перзенттерінің алдындағы қарызы 3 миллионнан асқан азаматтың көлігі тәркіленді. Ол азамат мерзімге сай қарызын өтемеген жағдайда темір тұлпары аукционға шығарылмақ. Қазір елде туған балаларына алимент төлемей жүрген азаматтардың 62 автокөлігі аукционға қойылыпты", - деді Қарағанды облысы прокуратурасының басқарма прокуроры Нұрсұлтан Қалдырбай .

Талқылау