Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алғашқы адамға коронавирусқа қарсы вакцина егілді

Қазақстанда алғашқы адамды коронавирусқа қарсы вакцинациялау Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы халықаралық вакцинация орталығында жүргізілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі "Хабар 24" арнасына сілтеп хабарлайды.

вакцина

Екпе алған алғашқы қазақстандық орталық директоры Қайсар Табынов болды. Оған COVAX-19 атты препарат енгізілді. Вакцина Австралияда жасалған және қазіргі уақытта клиникалық сынақтардың бірінші кезеңінен өтуде.

Бұл препараттарды жасаумен көптеген ғылыми ұжымдар, институттар, компаниялар айналысты. Оның ішінде отандық вакцинамен біздің мамандар да жұмыс істеуде. Қолдануға дайын үлгілер бар.

Бірақ бұл жерде уақыт факторы өте маңызды, өйткені, өкінішке орай, инфекция адам өмірін алып кетіп жатыр. Сондықтан Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы халықаралық вакцинология орталығы балама шешім ұсынады.

Белгілі болғандай, Қазақстанда өз вакцинасын Жамбыл облысының Отар кентінде орналасқан биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты әзірлеуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр