Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек ауыстыру отасы жасалды

Қазақстанда алғаш рет жасөспірімге жүрек ауыстыру отасы жасалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
UMC Жүрек орталығының мәліметінше, тарихи ота 2026 жылы 28 наурызға қараған түні жасалған. Науқас – 15 жастағы жасөспірім, ол 10 жасынан бері ауыр жүрек ауруымен күресіп келген.
Дәрігерлердің айтуынша, жасөспірімнің өмірін сақтап қалудың жалғыз жолы – жүрек трансплантациясы болған.
“Донор – 43 жатағы ер адам, оған ми өлімі диагнозы қойылған. Диагноз расталғаннан кейін оның туыстары қайтыс болғаннан кейінгі ағза донорлығына келісім берді. Олардың бұл шешімі, сондай-ақ дәрігерлер мен трансплантациялық топтың үйлесімді жұмысының арқасында жасөспірімге жаңа, толыққанды өмірге қадам басу мүмкіндігі берілді”, – делінген UMC Жүрек орталығының хабарламасында.
Шымкентте баласы донор болып, әкесін аман алып қалды
65 жастағы қазақстандық зейнеткер қайтыс болғаннан кейін үш адамның өмірін құтқарып қалды
Қазіргі науқастың жағдайы қанағаттанарлық деп бағаланған, ол жансақтау бөлімінен шығарылып, әрі қарай қалпына келу үшін профильді бөлімге ауыстырылған.
Орталық мәліметінше, Қазақстанда қазір түрлі ағзалардың трансплантациясына мұқтаж 123 кәмелетке толмаған науқас күту тізімінде тұр. Олардың тоғызына жүрек трансплантациясы қажет.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда қаза тапқан екі донор 12 адамның өмірін құтқарып қалғаны туралы жазған едік.
Полиция бастығының қызы Олжас Сүлейменовтің немересін қалай қағып өлтірді: Қазақстандағы тағы бір атышулы жол апатын еске түсірейік