Қазақстанда әлеуметтік желілерді бақылау туралы заң қабылдау ұсынылды
Сенат депутаты Бақытжан Жұмағұлов Қазақстанда әлеуметтік желілер туралы заң қабылдауды ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Пандемияда кезінде дүние жүзінде идеологиялық індет те тарады. Сондықтан біз әлеуметтік желілер туралы заң қабылдауымыз керек. Бұл сөз бостандығын бұзу емес, әлеуметтік желілерді заң шығарушы жүйеге енгізу және олардың қолданушыларының заң алдындағы жауапкершілігін арттыру.
Депутат қазіргі таңда әлеуметтік желілерді бақылаудың қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.
"Жаһандану жағдайында кейбір жастар өздерінің батыстың жағымсыз топтарының ықпалына қалай түскенін байқамай да қалады. Осылайша, когнитивті технологиялар қоғамдық санаға әсер ету құралына айналуда. Біз үшін өзіміздің ұлттық мүдделерімізді және ұлттық құндылықтарымызды қорғау - маңызды", - деді сенатор.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”