Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алдағы күндері -45 градусқа дейін аяз болады

Мамандар Қазақстанда алдағы күндері -45 градусқа дейін аяз болатынын ескертті.

22-26 қаңтар аралығында Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында қатты аяз түнде -35-40°С,        24-26 қаңтарда өте қатты аяз -45°С, күндіз -27-32°С, кей жерлерде-35°С күтіледі.

22-26 қаңтар аралығында Қостанай облысында қатты аяз түнде -33-38°С, күндіз -20-25°С күтіледі.

Астана қаласында 23-26 қаңтар күні аралығында қатты аяз түнде -35-40°С, күндіз-27-32°С күтіледі.

Денсаулық пен өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қысқы кезеңде, табиғи гидрометеорологиялық құбылыстар болған жағдайда тұрғындарға ҚР СЭС ұсынымдары туралы танысу кажет.

Тағы да оқыңыз:

Бұдан былай мемлекеттік қызметкерлерге мереке сайын сыйақы төленбейді

Қорғаныс министрлігі кімдердің әскери борышын өтемеуге болатынын айтты

Ұлынан айырылған қазақ журналисі: Ол дүниеге, ақшаға қызыққан жоқ, оның досы көп болды

Талқылау