Қазақстанда алдағы үш күнде күн суытады
"Қазгидромет" РМК 2-4 маусым күндергі ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Синоптиктердің хабарлауынша, Атлант ауасының ызғары бар солтүстік антициклон республика аумағы арқылы жылжи отырып, ауа температурасының айтарлықтай төмендеуіне әкеледі.
40°С-қа дейін ыстық болады: Синоптиктер маусымда ауа райы қандай болатынын айтты
“Түнгі және таңертеңгі сағаттарда солтүстік өңірлерде топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. 4 маусымға қарай суық антициклонның жақындағанын оңтүстік өңірлер де сезеді. Күндіз термометрлер 18-23 градусқа дейін төмендейді", - делінген синоптиктер болжамында.
Талқылау
Пікір