Қазақстанда алдағы үш күнде жаңбыр, кей аймақтарда қар жауады
Қазгидромет синоптиктері 14-16 қыркүйек аралығына арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үш күнде республиканың басым бөлігінде әлі де тұрақсыз ауа райы сақталады, найзағай жарқылдап, екпінді жел тұрады, жаңбыр жауады.
Бүкіл кезең бойы - шығыста, 14-15 қыркүйекте - солтүстікте, 15-16 қыркүйекте - батыста, 16 қыркүйекте - еліміздің солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады.
Үш күн бойы республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда түнгі уақытта жауын-шашын болады. Жаңбыр мен қар жауады деп болжанып отыр.
Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болмайды.
Қазақстанның солтүстік жартысында ауа температурасы түнде 3-10, күндіз 13-20, оңтүстік жартысында түнде 7-15, күндіз 18-25 градус жылы.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”