Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда алдағы күндері күн суытып, жаңбыр жауады

"Қазгидромет" синоптиктері 15-17 сәуірге арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялады,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Метеорологтардың мәліметінше, кең антициклонның Қазақстанға әсері аяқталып, Батыс Сібірге қарай ығысады. Осыған байланысты республиканың басым бөлігінде атмосфералық ауа ағындарды өтіп, тұрақсыз ауа райы күтіледі.

"Кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Аптаның соңында солтүстік өңірлерде температуралық фон төмендейді деп күтілуде. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, оңтүстікте және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі", - делінген хабарламада.

Талқылау