Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда АИ-92 және АИ-95 маркалы жанармай қанша күнге жетеді

Энергетика министрлігі АИ-92 және АИ-95 маркалы бензиндері бойынша қазіргі жағдай туралы мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

бензин

Министрлік мәліметінше қазіргі уақытта Атырау, Павлодар және Шымкент мұнай өңдеу зауыттары қалыпты режимінде жұмыс істеп, АИ-92, АИ-95 автобензиндерін және өтінімдер болған кезде АИ-98 автобензиндерін өндіруде екен. 

“Мұнай базаларындағы, жолдағы, МӨЗ-дегі және АИ-95 "премиалды" автобензинінің импорты көлемдерінің жиынтық қоры 36,5 мың тоннаны (елдің 12 күндік қажеттілігі) және АИ-92 – 257,1 мың тоннаны (18 күн) құрайды. Айта кетейік, АИ-92 автобензинінің шекті бағасы бағаны мемлекеттік реттеуге байланысты 205 теңге/литрден аспауы тиіс. АИ-95 бағасын мемлекет реттемейді, сондықтан жанармай құю станциясының "пистолетінен" шығатын баға нарықтағы сұраныс пен ұсынысқа байланысты өзгеруі мүмкін”, – делінген хабарламада.

Сондай-ақ министрлік АИ-95+ автобензиніне демалыс кезеңін және сұраныстың артуын ескере отырып, жанармай құю бекеттерінің ірі желілеріне (QazaqOil, Helios, Sinooil, Газпромнефть, Gasenergy) импорттау мүмкіндігі туралы түсініктеме берді.

“Павлодар облысына келетін болсақ, АЖҚС ірі желілері бойынша (QazaqOil, Helios, Sinooil, ГазПром, GasEnergy) еркін сатылатын отын, жазғы демалыс кезеңіне және тұтынудың артуына байланысты шектеулер болуы мүмкін. 2023 жылғы 28 шілдедегі жағдай бойынша Павлодар облысында мұнай базаларында және жолда 0,8 мың тонна АИ-95 немесе 8 тәулікке жететін, Аи-92 – 4,1 мың тонна немесе 9 тәулікке жететін көлемдері бар”, – деп қосты министрлік өкілдері.

Жоспарлы-алдын алу жөндеу жұмыстары аяқталып, Павлодар мұнай өңдеу зауытынің іске қосылуын ескере отырып, автобензиндерді жеткізу көлемі біртіндеп ұлғаятын болады.

Талқылау