Қазақстанда АИ-92 маркалы бензин мен дизель бағасы бекітілді
Фото: Pixabay.com
Энергетика министрлігі жанар-жағармай бағасын көтеруге уақытша мораторий енгізу механизмін түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Министрлік мораторийдің негізгі қағидаты АИ-92 маркалы бензин мен дизель отынының бөлшек сауда бағасын 16 қазандағы әрбір нақты жанармай құю станциялары тізбегіндегі қолданыстағы деңгейде бекіту екенін атап өтті.
Алайда ел бойынша бірыңғай шекті бағаны енгізу қарастырылмаған.
Қазақстанда халық көп тұтынатын АИ-92 маркалы бензин 235 теңгеге қымбаттады
Қазір ірі жанармай құю бекеттеріндегі баға диапазоны АИ-92 маркалы бензиннің литріне 213 теңгеден 239 теңгеге дейін, дизельдік отынның литріне 317 теңгеден 337 теңгеге дейін.
16 қазанда энергетика министрлігі бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірлесіп, ірі жанармай құю станциялары желілері мен көтерме жеткізушілермен кездесу өткізді. Компания басшыларына бағаның одан әрі көтерілуіне жол бермеу туралы үкіметтің шоғырландырылған және берік ұстанымы туралы хабардар етілді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандабензин бағасының өсуіне байланыстыазық-түлік те қымбаттайтыны туралы жазған едік.

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
