Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда АЭС салуға 5 ел ұсыныс білдірді

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша 5 елдің ұсыныстарын қарастырып жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Министрдің айтуынша, АЭС салу бойынша екі америкалық компаниядан да ұсыныс түскен.

"Росатом компаниясы жеткізушілердің бірі болып табылады, "Росатом" компаниясынан басқа, ұсыныстарын француздық EDF компаниясы, Корея, Қытай Халық Республикасы компаниялары жіберді, сонымен қатар General Electric және NuScale атты екі америкалық компанияның да ұсыныстарын қарастырамыз. Біз шағын модульдік реакторларды орнату технологияларын зерттеп жатырмыз. Барлық сұрақтар заңнамаға, республикалық референдум туралы конституциялық заңға сәйкес қалыптасады", – деді министр.

Сәтқалиевтің айтуынша, шешім референдум өткеннен кейін қабылданады.

Еске салайық, бұған дейін Ресей президенті Владимир Путин “Казахстанская правда” басылымына берген сұхбатында Мәскеудің Қазақстанда АЭС салуға көмектесуге дайын екенін айтқан еді. 

Талқылау