Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда азаматтар енді харассмент үшін жауапқа тартылады

Ішкі істер министрлігі әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Ренат Зұлхайыров Қазақстанда енді азаматтардың харассмент үшін жауапқа тартылатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: PhotoXpress

"Қазіргі уақытта еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі харассмент үшін жауапкершілікті қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде. Бүгінде түзетулер мен бұл бастама мемлекеттік органдардың талқысында. Аталған мәселе алдағы уақытта қаралады деп ойлаймын. Қазір заңды еңбек министрлігі әзірлеп жатыр", – деді Зұлхайыров Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Бұған дейін үкімет депутаттардың харассмент үшін қылмыстық жауапкершілікті енгізу туралы түзетулерін қолдамаған еді. 

Әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша қабылданған заңға харассмент туралы нормалар енгізілмеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Қазақстан заңнамасында "харассмент" және "аңду" ұғымдары пайда болуы мүмкін екенін айтқан болатын.

Талқылау