Қазақстан адам құқығы жөніндегі уәкілді заңдық негізде бекітпек
Қазақстанда адам құқығы жөніндегі уәкіл институты, оның құқықтары мен міндеттері нақтыланады. Сонымен қатар азаматтарды қорғау бойынша сотқа шағым түсіргенде мемлекеттік баждан босатылмақ, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Адам құқығы жөнінде уәкіл қызметі" заң жобасы мемлекет басшысының тапсырмасын орындау негізінде жасалды. Президент парламенттің жетінші шақыруының бірінші сессия ашылуында адам құқығы жөніндегі уәкіл институтын заңдық негізде нақтылап, адам құқығын қорғау саласын әрі қарай дамыту тапсырмасын берген еді. Заң жобасы адам құқығы жөніндегі уәкілдің мәртебесін өрістету, оны аймақтарда таныстыру, сайлау тәртібі мен қызметінен босату, қызмет қағидасы мен кепілдеріне бағытталған", – деді мәжіліс депутаты Арман Қожахметов палатаның пленарлық отырысында.
Сонымен қатар Мәжіліс адам құқығы жөніндегі уәкілдің жұмысы бойынша заң жобасына өзгерістер енгізуді қолға алған.
Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі Кодекс пен Салық кодексіне енгізілетін өзгерістер жаңа институт өкілін сақтандырып, сотқа шағым түсіру кезіндегі құқықтарын бекітеді.
"Адам құқығы жөніндегі уәкілдің Мемлекеттік қызметкер мен орган, лауазымды адамдар әрекеті мен шешімі негізінде құқығы бұзылған шектелмеген адамдар тобын қорғау үшін сотқа шағым беруі кезіндегі мүмкіндіктері бөліміне өзгерістер енгізілді. Осыған сәйкес заң жобасына адам құқығын қорғау жөніндегі уәкілді сотқа шағым беру кезінде мемлекеттік баждан босату туралы өзгеріс енгізіледі", – деп түсіндірді Арман Қожахметов.
Еске салайық, Қазақстан Республикасының адам құқығы жөніндегі уәкілі – Эльвира Азимова.

Қазақстандық блогерлер "лотереяға" тыйым салатын заңды айналып өтудің жолын тапты
