Қазақстанда Абай күнін атап өту ұсынылды
Қазақстанда Абай күнін атап өту ұсынылды. Мәдениет және спорт министрлігі қаулы жобасын "Ашық НҚА" порталында жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Мерекені 10 тамыз – қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың туған күнімен қатар тойлауды ұсынып отыр.
"Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы "ҚР - дағы мерекелер туралы" заңының 4-бабына сәйкес үкімет 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 "мерекелік күндер тізбесін бекіту туралы" қаулыға өзгерістер енгізіп, Абай күнін 10 шілде тойлауды қаулы етеді", - дейді "Ашық НҚА" порталында жарияланған қаулыда.
Талқылау