Қазақстанда 9-10 шілде күндері қатты жауын-шашын болады
Фото: pixabay
"Қазгидромет" мамандары алдағы күндері Қазақстан аумағында ауа райы құбылмалы болатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің айтуынша, 9-10 шілде күндері атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің көптеген өңірінде ауа райы тұрақсыз болады.
Солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста және солтүстік-батыста найзағайлы жаңбыр жауады. Кей жерлерде нөсер жауын, бұршақ және дауылды жел болады. Республиканың батысында, керісінше, солтүстік-батыс антициклонының ықпалымен негізінен құрғақ ауа райы сақталады.
Алайда еліміздің барлық аймағында жел күшейеді деп болжанды Солтүстік өңірлерде түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін.
9-10 шілде күндері күндізгі уақытта батыс және оңтүстік-батыс аймақтарда ауа температурасы аномалды түрде жоғарылап, +41 °C-қа дейін жетеді. Солтүстік-батыста +38 °C-қа дейін ыстық болады.
Солтүстікте түнде термометр бағаны +7…+15 °C-қа дейін төмендейді, ал күндіз +20…+27 °C шамасында болады. Оңтүстікте және оңтүстік-шығыста ауа температурасы біртіндеп төмендейді. Қалған өңірлерде айтарлықтай өзгеріс болмайды.
46°C-қа дейін ыстық болады: Елімізде алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
Еуропада аптап ыстықтан қауіп деңгейі қызылға жетті: Жұмыс істеуге тыйым салынбақ
Еске салайық, бұған дейін маман ыстық күні тәтті сусын ішудің қаупі туралы ескертті. Росбиотех университетінің ашытқы өндірісі және шарап жасау кафедрасының профессоры Марина Мойсеяк ыстық ауа райында тәтті сусындарды тұтыну қауіпті болуы мүмкін екенін айтты. Оның сөзінше, мұндай сусындар қандағы глюкоза деңгейінің күрт жоғарылауына әкелуі мүмкін.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
