Қазақстанда 800-ден астам ауыл интернет желісіне қосылмаған

Қазақстандағы 882 ауылдың тұрғындары интернетке қосылмаған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі телекоммуникациялар комитетінің төрағасы Виталий Ярошенко айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазір кеңейтілген интернетке қол жетімділік Қазақстандағы 6459 елді мекеннің 4646-на берілді, онда 18,2 миллион адам немесе 97,3% тұрғын тұрады. Осы жылдың аяғында интернет желісі 250 адамнан кем елді мекендерде құру туралы ұсыныс айтылды. Қазақстанда мұндай 882 ауыл бар", - деді Ярошенко.

Ол сондай-ақ, қазіргі уақытта 2423 елді мекен таңдалды, оларда 2023 жылға дейін кеңжолақты интернетке қосылу желілері салынатынын айтты. 

"2020 жылдың соңына дейін жоба 3718 мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдарды қамтып, 1257 ауылда болады, 20000 шақырым талшықты-оптикалық байланыс желілері салынады. Бүгінгі таңда осы жоба аясында 1027 ауыл жоғары жылдамдықты интернетпен қамтылды", - деді Виталий Ярошенко.

Сонымен қатар, цифрлық даму бөлімінің өкілі 5G-ді енгізу 2022 жылдың аяғына қарай республикалық маңызы бар қалаларда (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент), 2023-2025 жылдары Қазақстанның облыс орталықтарында жоспарланғанын хабарлады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр