Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 8 миллионнан аса адам референдумда дауыс берген

Референдум

Орталық референдум комиссиясы сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы жайлы кезекті деректерін ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Сағат 16.00-дегі жағдай бойынша республиканың 8 029 286 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 64,43%-на тең. 

Дауыс беру үлесі бойынша Қызылорда облысы көш басында, мұнда тұрғындардың 82,02 %-ы бюллетень алған. Ал Алматы қаласында тек 28,16% дауыс беріп, соңғы орында тұр. 

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге азаматтардың келуі келесідей: 

  • Абай облысы – 69,29%
  • Ақмола облысы – 71,33%
  • Ақтөбе облысы – 77,65%
  • Алматы облысы – 68, 23%
  • Атырау облысы – 64,33%
  • Батыс Қазақстан облысы 60,61%
  • Жамбыл облысы – 70,31%
  • Жетісу облысы – 68,50%
  • Қарағанды облысы – 72,63%
  • Қостанай облысы –70,96%
  • Қызылорда облысы – 82,02 %
  • Маңғыстау облысы – 68,19%
  • Павлодар облысы – 68,41%
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 60,70%
  • Түркістан облысы – 72,3%
  • Ұлытау облысы – 66,50%
  • Шығыс Қазақстан облысы – 78,98%
  • Астана қаласы – 47,76%
  • Алматы қаласы – 28,16%
  • Шымкент қаласы – 72,61%.

Сонымен қатар Астана уақыты бойынша сағат 16.00-де Вашингтон, Нью-Йорк, Оттава қалаларында референдум учаскелері ашылды. 

Назархан Уән
Жексенбі, 15 Наурыз, 2026 16:16