Қазақстанда "7-20-25" бағдарламасының орнына жаңа ипотекалық бағдарлама іске қосылады
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев елімізде "7-20-25" бағдарламасына балама ретінде жаңа ипотекалық бағдарлама әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің сөзінше, жақында "7-20-25" орнына әзірленіп жатқан жаңа ипотеккалық бағдарлама таныстырылады. Қазір бағдарлама шарттары заң жобасы негізінде қаралып жатыр.
"Ең бастысы, алғашқы жарна және қолжетімді ставка болуы керек. Қолдан келсе, біз бүкіл халық үшін мөлшерлемені 7 пайыздан асырмаймыз", – деді Өскенбаев үкімет кулуарында.
Бұған дейін 2022 жылдың соңында "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы аяқталуы мүмкін екені хабарланған болатын. Өйткені бағдарламаны қаржыландыруға тартылған 1 трлн теңге аяқталуға жақын. 2022 жылғы 29 қыркүйектегі жағдай бойынша "7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында 701,5 млрд теңгеге 54 мың қарыз берілді.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"