Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 5G желісінде жұмыс істейтін FMobile жаңа ұялы байланыс операторының тұсауы кесілді

Қазақстанда жаңа ұялы байланыс операторы – FMobile пайда болды. Ол бірінші болып тек 5G желісінде жұмыс істеуді бастады. Ешқандай да 3G немесе 4G емес, инновациялар ғана! Жаңа оператордың тұсаукесері өтуде. 

теле2
Құрастырушылардың айтуы бойынша, FMobile бұл – Қазақстанда ғана емес, әлемде теңдесі жоқ бірегей бизнес-кейс. Оператордың мақсаты – қазақстандықтардың 5G желісіне қосылуын барынша жеңіл және ыңғайлы ету, елдегі инновацияларды қолдау және ұялы байланысты пайдаланудың жаңа қырларын ұсыну.

"Бүгінде телекоммуникация индустриясын жаңа маңызды кезең күтіп тұр. Ол –технологиялардағы, оның ішінде 5G, озық есептеулер және жасанды интеллект салаларындағы көптеген жетістіктердің әлемді түбегейлі өзгерту мақсатында бірігуі. Бұл – салалардың кең ауқымына орасан зор мүмкіндіктер туғызатын маңызды процесс. 5G адамдардың, қоғамның және мекемелердің құқықтары мен мүмкіндіктерінің аясын кеңейту қасиетіне ие”, – деді FMobile-дың CEO Рифат Хаматов.

FMobile желісін жас визионерлер тобы құрастырған. Олардың негізгі мақсаты – абоненттерді ыңғайлы бесінші буын байланысымен қамтамасыз ету, ал одан да маңыздысы – әр клиентке мүлдем өзгеше сервис пен жайлы қызмет көрсету. Жасанды интеллект пен бұлттық есептеулер көмегімен жасалған цифрлы, жаңашыл шешімдердің барлығы (электронды үкімет порталы мен банк қызметтерінен бастап AR/VR және IoT қосымшаларына дейінгі) екі негізгі шарттың: деректерді жүктеудің жоғары жылдамдығы мен сигнал іркілісі баяулығының сақталуынсыз толыққанды пайдалану мүмкін емес. Ал осы екі шарттың үйлесімі – 5G технологиясы. Алғы шепте тұрған адамдар өмірдің жылдамдағанын анық сезеді, ал FMobile айналадағы виртуалды кеңістікті де жылдамдата түседі.

Қазіргі сәтте Астана мен Алматының тұрғындары алғашқы 5G-операторы FMobile абонеттерінің қатарына қосыла алады. Ол үшін AppStore немесе PlayMarket-тен FMobile қосымшасын жүктеп алып, номері бар eSIM алу жеткілікті.

FMobile клиенттері үш тарифтік жоспардың бірін таңдай алады:

  • "Ход конем (Әккі жүріс)", бағасы 1 990 теңге, мерзімі шектелмеген 20 Гб пакет;
  • "Шах", бағасы 2 490 теңге, мерзімі шектелмеген 40 Гб пакет;
  • "Шах және мат", бағасы 2 990 теңге, шексіз мобилді 5G-интернет.

eSIM-картаны іске қосу, келісім-шартқа отыру және жеке тұлғаның сәйкестігін анықтау, қызметтерді басқару, тарифтерді өзгерту және ақысын төлеу 5G операторының қосымшасы арқылы жүзеге асады.

FMobile – ұялы байланыс қызметін тек қана 5G технологиясы негізінде көрсететін алғашқы оператор. Бұл қоғамның жоғары жылдамдықты қамтамасыз ететін инновациялық online шешімдерге деген мұқтаждығын қанағаттандыру мақсатында жасалған.

"Жаңа оператордың командасы – өз елін ең озық елдер қатарынан көргісі келетін телеком және IT салаларындағы үздік мамандар. Біз 5G негізіндегі операторды жылдам іске қосу үшін ең таңдаулы технологиялық шешімді орындадық, елдің техникалық мүмкіндіктері мен өзіміздің батыл бизнес-амалымызды біріктірдік. FMobile ұсынған 5G желісі – қазіргі таңда елдегі ең жылдам мобилді интернет. Бұл жаңа сервистер базисі, демек енді сіздің смартфоныңыз – бұрын-соңды болмаған жылдамдықтағы тұтас экожүйе. Бесінші буын (5G) желілері жаңа бизнес-моделдер құруға ұмтылдырады, біз оны қазірдің өзінде іске асырудамыз", – деп қорытындылады Рифат Хаматов. 

Талқылау