Оқу-ағарту министрі не себепті Қазақстанның барлық мектебі асханамен қамтамасыз етілмегенін түсіндіре алмады
Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова 800 мектепте асхана мүлдем жоқ екенін айтты. Оның айтуынша, тек 330-да ғана буфет бар. Ал 288 мектепке тамақ бөлек жеткізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: kknews.uz
"Мәселе мынада: тамақтың сапасын кім қадағалайды? Төтенше жағдай орын алса, кім жауап береді? Мектептерде асхана салу жоспарда бар ма? Қазір бізде баға әртүрлі екенін білесіздер, бағада үлкен айырмашылық бар. Осы мәселені реттеу үшін қандай жұмыстар атқарылып жатыр? Сонымен қатар азық-түліктің сапа мәселесі тұр, депутаттық корпустың атынан, өз бастамамызбен осыған қатысты ұсыныс енгіздік. Үкіметтің қандай ұстанымда екенін білмейміз. Жауабын естігіміз келеді", –деді Сүлейменова.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Қазақстанда асханасы жоқ мектептің 800 емес, 591 екенін, ал мектеп тамағының сапасын жақсарту бойынша "бұйрық қабылданғанын" айтты. Ол кезекшілікте "мониторинг пен тиісті тексеру жүргізіліп жатқанын" және "шара қолданылатынын" хабарлады.
"Нәтиже бойынша тиісті шаралар қабылданатын болады. Біздің және өңірлерден алынған ақпарат бойынша 591 мектепте асхана жоқ. Балаларды фуршет түріндегі ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін жұмыс тобы ұйымдастырылды. Тиісті стандарттар Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрықтарына енгізілді. Қазір салынып жатқан жаңа мектептерде асханалар болады. Бірақ шағын жинақты мектептерде проблемалар бар. Азық-түлік бағасына келетін болсақ, ұазір ең жоғары баға Алматыда – 840 теңге, Ақмолада – 750 теңге (облыс болса керек). Ең төменгі баға Қарағанды облысында – 480 теңге. Республика бойынша орташа баға – 579 теңге.
Бұл мәселе бойынша қазірдің өзінде 64-ші қаулы қабылданды, мәселе осы қаулымен реттеледі. Қазір заңнамалық актілерге тиісті түзетулер енгізу қарастырылуда. Өйткені бүгінгі заңнамаға сәйкес, тамақ пен сусындарды тегін беру енді тек мемлекеттік мектептерде ғана көрсетіледі. Сондай-ақ мемлекеттік тапсырыс бар мектептерде де бұл заң жобасы қабылданған кезде барлық мәселе шешіледі", – деді министр.