Қазақстанда 43 градусқа дейін ыстық болады
Қазақстанда 1-3 маусымға арналған ауа райы болжамы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Синоптиктердің болжауынша, ел аумағында ауа температурасы біртіндеп көтеріледі. Күндіз еліміздің солтүстік-батысы және солтүстігінде ауа температурасы +36+41°С дейін, шығыста +28+33°С дейін, орталықта +30+39°С дейін, оңтүстікте +37+43°С дейін, оңтүстік-шығыста +30+дейін ыстық болады.
"Еліміздің барлық өңірінде жаз басталып келеді. Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райын антициклон айқындайды. Тек батыс өңірлерде және оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда найзағай ойнап, өткінші жаңбыр жауады", - делінген Қазгидромет ұсынған хабарламада.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн