Қазақстанда 41 градусқа дейін күн қайта ысиды
Қазгидрометтің синоптиктері Қазақстанда 18 тамызға арналған ауа райы туралы хабарлады. Антициклонның әсерінен Қазақстан аумағының көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанды, тек республиканың оңтүстік-шығысы мен солтүстік-шығысының таулы аудандарында найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, шығыста және оңтүстікте бұршақ күтіледі, түнде және таңертең солтүстік-шығыста және орталықта тұман болып, оңтүстікте шаңды дауыл соғады.
18 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысында өте қатты аптап ыстық күтіледі – 41 градус. Өрт қаупі бүкіл өңірде сақталуда.
Ақмола облысында найзағай күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының Үржар аймағында өрт қаупі өте жоғары. 18 тамызда күндіз Павлодар облысының оңтүстігінде найзағай күтіледі, солтүстік-батыстан жел соғады, күн күркірейді - секундына 18 метр. 18 тамызға қараған түні облыстың оңтүстік-батысында тұман күтіледі.
18 тамызда түстен кейін Қостанай облысының оңтүстігінде 36 градусқа дейін аптап ыстық болады. Облыстың орталық және оңтүстік аудандарында төтенше өрт қаупі бар.
18 тамызда күндіз Солтүстік Қазақстан облысында найзағай күтіледі, кей жерлерде жел секундына 15-20 метрге жетеді.
Нұр-Сұлтанда түнде 15-17, күндіз 29-31 градус ыстық болады. Алматыда түнде 12-14 гардус жылы, күндіз 27-29 градус жылы болады. Шымкентте түнде 15-17, күндіз плюс 31-33 градус жылы болады.

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
