Қазақстанда 30 градусқа дейін күн жылынады
Синоптиктер 11-13 сәуірде Қазақстанда ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Қазгидрометтің болжамына сәйкес, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз сипат алып, жаңбыр күтіледі. 11 сәуірден 12 сәуірге қараған түні Қазақстанның оңтүстігінің, оңтүстік-шығысының кей жерінде қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Елдің солтүстік жартысында Скандинавия аймақтарынан солтүстік-батыс антициклонының шабуылының әсерінен түнде ауа температурасы 5-10 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде.
"Алайда көктем өз нәтижесін береді. Күндізгі уақытта ауа температурасының біртіндеп көтеріледі. 13 сәуірде термометр бағандары республиканың солтүстік жартысында – 10-18°C, ал оңтүстікте – 17-30°C-қа дейін жылуды көрсетіп тұр. Республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік өңірлерде шаңды дауыл мен найзағай, солтүстік жартысында көктайғақ күтілуде", – делінген хабарламада.