Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 29 қыркүйек “Еңбек күні” тойлануда

Қазақстанда 29 қыркүйек “Еңбек күні” тойланады. Бұл мереке жыл сайын қыркүйектің соңғы жексенбісінде еңбектің маңыздылығын атап өтіп, ел игілігі үшін жұмыс істейтіндерге алғыс айту үшін өткізіледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Мереке 2013 жылы президент жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісіне жұмысшы мамандықтарын құрметтеу, және азаматтарға жас кезінен бастап еңбектің маңыздылығын түсіну мақсатында белгіленген.

Сонымен қатар, еңбек қызметінде жоғары нәтижелерге қол жеткізген өндіріс озаттарына, бір салада кемінде 10 жыл жұмыс істеген 40 жылдан астам еңбек өтілі бар қызметкерлерге арналған "Еңбек ардагері" медалі құрылды.

Биыл қыркүйектің соңғы жексенбісі 29 күніне келіп тұр.

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, Қазақстанда 2024 жылы ауыл шаруашылығынан бастап жоғары технологияларға дейінгі салаларда 9,2 миллион адам жұмыс істейді. 

Талқылау