Қазақстанда 250 оқушыда коронавирус анықталды: Олармен 1426 адам байланыста болған
Елімізде екі айдың ішінде коронавирус жұқтырған оқушылар саны 250-ге жеткен. Бұл туралы ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Онлайн-брифинг барысында Есмағамбетова оқушылардың коронавирус жұқтыруына қатысты түсініктеме берді. Вирус жұқтырғандардың ішінде кезекші топқа баратын 105 оқушы бар.
"Оқу жылының басынан бері 250 оқушының коронавирус жұқтырғаны расталды. Оның ішінде кезекші топқа баратын 105 оқушы бар. Олармен 1 426 адам байланыста болған және олардың 19-ына коронавирус жұққан. Ал қашықтан оқитын 145 баланың COVID-19 жұқтырғаны расталды. 348 адаммен байланыс жасаған және 22 адамға КВИ жұқтырған", - деді ол.
Талқылау

Астана әкімдігі сенбілікте пластик жинағандарға қағаз салфетка таратқан: Экологтар бұның үлкен қате екенін айтып, дабыл қақты
Пластик орнына бір рет қана қолданылатын қағаз салфетка беру логикаға сыймайды дейді олар

"Ет, құрт, қазы, музыкалық аспап алып кіре алмайды": Қазақстандықтар ұшаққа отырарда нені ескеруі тиіс
Әуежайда затыңызды өткізбей тастамас үшін мынадай ережелерді білген жөн