AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
AAPL
172.1 $
2.14 %
TSLA
900.09 $
4.68 %
NDAQ
190.42 $
2.06 %
GOOGL
121.68 $
2.39 %
FRHC
57.85 $
0.75 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2027 жылға қарай шахмат мектептерде міндетті пәнге айналады

2023 жылдан бастап кейбір қазақстандық мектептерде шахмат жаңа факультативтік пән ретінде оқытылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жыл сайын мұндай мектептер саны артып, кейіннен шахмат сабағы мектеп бағдарламасына енетін болады.

Бұл туралы Қазақстан шахмат федерациясының вице-президенті Дәрмен Сәдуақасов айтып берді. 

Федерация 2027 жылға қарай шахмат Қазақстанның барлық аймақтарында міндетті пәнге айналады деп жоспарлап отыр.

Мұндай ауқымды жоспарды жүзеге асыру үшін ұстаздарды дайындау қажет. Ол үшін еліміздегі педагогикалық жоғары оқу орындары арнайы кафедралар ашуды көздеп отыр.



"Біздің мақсатымыз – Қазақстанда шахматты танымал ету және мүмкіндігінше көп бала ойнауға мүмкіндік беру. Шахмат көп нәрсені үйретеді және әділ бәсекелестік пен меритократия қағидаттарын сіңіреді", - деді Дәрмен Сәдуақасов.

Бүгінде елімізде 50 мыңнан астам бала шахмат ойнайды.

"ArtSport" мемлекеттік бағдарламасы балаларға әрі қарай тегін үйірмеге қатысуға мүмкіндік береді деп үміттенеміз", - деп қосты Сәдуақасов.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр