Қазақстанда 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы деп жарияланды
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды жұмысшы мамандықтарының жылы ететін қаулы жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com
Ақорданың мәліметінше, бұл жұмысшы мамандығының беделін арттыру мақсатында жасалып жатыр.
“Жұмысшы мамандықтарының беделін арттырып, техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің реформасын жүзеге асыру мақсатында қаулы етемін. 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы деп жариялансын. Қазақстан Республикасының үкіметі жұмысшы мамандықтарының жылын өткізу бойынша қажет шараларды қабылдасын”, – делінген президент қаулысында.
Сонымен қатар осы жарлықтың орындалуын бақылау президент әкімшілігіне жүктелді.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан