Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2024 жылдан бастап жалпыға бірдей декларацияны кімдер тапсырады

Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті 2024 жылы табысы мен мүлкі туралы декларацияны кім тапсыруы керек екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

декларациялау

Ведомствоның хабарлауынша, жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңін іске асыруға байланысты 2024 жылдан бастап жеке тұлғаның мүлкі мен міндеттемелері туралы декларацияны (250.00 нысаны) заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайлары, сондай-ақ жеке кәсіпкерлер мен олардың жұбайлары тапсырады.

"Декларацияны электронды түрде салық төлеушінің шоты (cabinet.salyk.kz), электронды үкімет порталы (egov.kz), сондай-ақ eSalyq Azamat мобильді қосымшасы арқылы беруге болады", – деп хабарлады мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Қазақстанда халықты жалпыға бірдей декларациялау 2021 жылы басталды.

Декларация төрт кезең бойынша жүзеге асырылады:

  • Бірінші кезең 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер және оларға теңестірілген адамдар және олардың жұбайлары (зайыбы) ұсынған жеке тұлғаның кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсыну іске қосылды;
  • 2023 жылдан бастап мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлерін және олардың жұбайларын қамтыған екінші кезең іске қосылды;
  • Үшінші кезеңде 2024 жылдан бастап заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары, жеке кәсіпкерлер және олардың жұбайлары декларацияланды;
  • Төртінші кезең аясында 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық қалған санаттағы азаматтар декларацияланады.
Талқылау