Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2017 жылдан бастап зейнетақы мен жәрдемақы көлемі қандай болмақ

Қазақстанда жыл сайын 1 қаңтардан бастап мемлекеттен бөлінетін зейнетақы мен өзге де төлемдер көлемі өзгереді.

pogudxjuepfgkkjdg.16c6e903

 

Осы орайда Наша ярмарка газеті алдағы жылдағы зейнетақы көлеміне мысал келтіріп көрді.

“2017 жылы күн көрістің ең төменгі деңгейі 24 459 теңге. Зейнетақы 28 148 теңгені, базалық зейнетақы көлемі 12 802 теңгені құрайды. Айлық есептік көрсеткіш – 2269 теңге. Орташа жалақы 24 459 теңгеге шығады”, – делінген мақалада.

Қарағанды облысы бойынша еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінің орынбасары Татьяна Синнің айтуынша, ынтымақты зейнетақы Қазақстан тұрғындары үшін 9 пайызға өседі.

Жаңа жылда зейнетақының ең төменгі көлемі мен базалық зейнетақы мөлшерін қосқанда минималды төлем 40950 теңгені құрайды.
Ал, ынтымақты зейнетақының көлемін есептеу үшін қазіргі ынтымақты зейнетақы көлемін 1,09 санына көбейтіп, шыққан санға жаңа базалық зейнетақы көлемін қосу керек. Егер арнайы мемлекеттік жәрдемақы алатын болсаңыз, оны да қосасыз.

Мәселен, ІІ топтағы мүгедек санатындағы адамның зейнетақысын есептек көрейік. Егер қазір 79 447 теңге алатын болсаңыз, (ынтымақты зейнетақы 64 321 теңге, 11 965 базалық зейнетақы және 3161 теңге арнайы мемлекеттік жәрдемақы) жаңа жылдан бастап оған 6 846 теңге қоса аласыз. 70 110 теңгеге базалық зейнетақының жаңа мөлшерін 12 802 теңгені және мүгедектік бойынша алатын 3381 теңгені қосасыз.

Мынадай жолмен де есептеуге болады. Тыл ардагерлерінің 2016 жылы алатын 52 271 теңгесі үшін (35 788 теңге ынтымақты зейнетақы, 11965 теңге базалық зейнетақы және арнайы мемлекеттік жәрдемақы 4518 теңге) 2017 жылы ынтымақты зейнетақы көлемін 9 пайызға көбейткенде, 39 009 теңгеге, жәрдемақы 4833 теңгеге шығады. Оған базалық зейнетақыны қоссаңыз барлығы 56 644 теңге болмақ. Яғни, қазіргіден 4373 теңгеге көп.

Жіберіп алмаңыз:

Теміртауда ер адам 16 жастағы қызды қаңырап қалған ғимаратқа апарып зорлап тастаған

Балабақшадағы желтоқсан оқиғасы туралы қойылым қазақстандықтарды шошытты (видео)

Тәуелсіздік күніне орай үлестіріліп жатқан сыйақы тұрғындардың бәріне бірдей бұйырмайтын болды

Қазақстандықтар тұрмысы төмен жандарға үй алып беру үшін 1 теңгеден жинап жатыр

Талқылау