Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 2 млн адам коронавирус жұқтырған: Министрлік ақпаратқа қатысты пікір білдірді

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова экономист Олжас Қудайбегеновтың 2 миллион азаматтың коронавирус жұқтырды деген пікірімен келіспейпейтінін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Құдайбергенов коронавирус анықталмаған адамдардың санының көп екенін алға тартып, 2 млн қазақстандық вируспен ауыруы мүмкін деп болжаған. Есмагамбетова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында экономисттің есептерімен келіспейтінін айтты.

"Бүгінгі таңда әлемде коронавирустың симптомсыз тасымалдаушылары саны 15-тен 40 пайызға дейін өзгереді. Ол көрсеткендей, пневмонияны жұқтырғандардың үлесі де 20 пайызды құрайды. Сондықтан Олжастың есептеуімен келісе алмаймын", - деді Есмағамбетова.

Бас санитарлық дәрігер өзінің болжамын ұсынды. 

"Адамның клиникалық көрінісі жоқ тасымалдаушы болған кезде, асимптоматикалық формаларын ескере отырып, қалпына келгендердің саны екі миллионға жетпейді деп санаймыз", - деді Есмагамбетова.

Ол вирустың нақты санын асыра бағалау қоғам үшін қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндірді.

"Егер біз көп адам ауырған деп болжасақ (іс жүзінде - шамамен), онда вирусқа қарсы топтық иммунитеттің пайда болу қаупі бар. Бүгінгі күні коронавирустық инфекция жақсы түсінілмеген және біз топтық иммунитеттің қалыптасып жатқанын немесе оның қалыптасуы мүмкін емес екендігін айта алмаймыз", - дейді дәрігер. 

Ол ауырған адамдар санының нақты болуы өте маңызды екенін айтты. 

STAN.KZ
Бейсенбі, 23 Шілде, 2020 13:40
Талқылау