Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 1797 адам КСРО кезіндегі паспортымен жүрген

Қазақстанда 1797 адам бүгінге дейін КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген. Бұл туралы ҚР ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының орынбасары Сабыржан Сейтжанов айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Ішкі істер министрлігі  Қазақстанда 2020 жылдың қазанынан бастап азаматтығы анықталмаған адамдарды анықтап, құжаттандыру бойынша кең ауқымды науқан өткізген. 

"Нәтижесінде қазаннан бастап құжаты жоқ 4686 адам анықталды. Олардың көбі Алматы қаласы, Қарағанды, Түркістан, Ақмола және Жамбыл облыстарында тіркелді. Оның ішінде 3408 адамға жеке басын куәландыратын құжат берілді, қалған 1278 адамды құжаттандыру мәселесі аяқталып жатыр. Нақтырақ айсақ, 1797 адам КСРО-ның қызыл паспортымен жүрген. Қазір бұл науқан жалғасып жатыр", – деді С.Сейтжанов.

Талқылау