"Қазақстанда жаңа демалыс күні пайда болады": Мәулен Әшімбаев датаны атады

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстандағы жаңа Конституция күні алдағы референдум өтетін 15 наурызға белгіленуі мүмкін екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мұны Әшімбаев cенат кулуарында мәлімдеді. Оның сөзінше, өтпелі ережелерге сәйкес, мереке Конституция қабылданған күнге белгіленуге тиіс.
“Қабылданған күн мен күшіне енген күн – екі бөлек ұғым. Өтпелі ережелер жобасында Конституцияның қабылданған күні көрсетілген. Ал ол – 15 наурыз”, – деді cенат төрағасы.
Ол түпкілікті шешім референдум нәтижесіне байланысты қабылданатынын айтты.
“Азаматтар өз ұстанымына сай дауыс беруге құқылы. Референдум да халықтың пікірін білу үшін өткізіледі. Қандай шешім қабылданса, соған сәйкес тиісті шешім шығады. Егер қолдаса, бізде жаңа Конституция болады әрі Конституция күні 15 наурыз болып белгіленеді”, – деді Мәулен Әшімбаев.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады
2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы құжатта бүкіл шығын жазылған
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"