AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
AAPL
168.49 $
-0.44 %
TSLA
859.89 $
-2.62 %
NDAQ
186.57 $
-0.02 %
GOOGL
118.84 $
-0.72 %
FRHC
57.42 $
-0.24 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда 116 әйел ауыл әкімі қызметіне сайланды – Ерлан Қарин

Мемлекеттік хатшы Ерлан Қарин өзінің Telegram-арнасында елімізде ауыл әкімдерін тікелей сайлау тетігі жұмыс істей бастағанын жеткізді. Өткен жылдың шілде айынан бері 1093 ауылдық елді мекеннің басшысы сайланып, олардың 215-і өзін-өзі ұсынғандар болса, жаңадан сайланған әкімдердің 116-сы нәзік жандылар болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Айта кетейік, ауыл әкімдерінің корпусы 55,6 пайызға жаңартылды. Бұл 608 ауыл басшысының жаңадан тағайындалғанын көрсетеді. Олардың көпшілігі бұрын мемлекеттік қызметте жұмыс істемеген. Ауыл тұрғындарының қолдау дауыстарына мұғалімдер, дәрігерлер, кәсіпкерлер, жергілікті кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарының басшылары ие болды", – деп түсіндірді Қарин.

Жаңа әкімдердің басым бөлігі Маңғыстау облысының (77,8%; 18-ден 14-і), Қарағанды облысының ​​(77,2%; 79-дан 61-і) және Жамбыл облысының (71%; 72-ден 51) ауылдарында тағайындалған.

"31 шілдеде 27 ауылдық округте сайлау өтеді. Ал жыл соңына дейін тағы 214 ауыл басшысы сайланады", – деді мемлекеттік хатшы.



1037 ауылдық округте сайлау 2023 және 2024 жылдарға белгіленген. Сонымен қатар алдағы уақытта аудан әкімдерінің тікелей сайлауын өткізу жоспарланып отыр.

"Сонымен қатар, жаңа конституциялық реформаға сәйкес, бүгін облыс әкімдері облыс мәслихаттары депутаттарының дауыс беру қорытындысы бойынша тағайындалады. Осылайша, еліміздің саяси жүйесі дәйекті түрде қайта құрылуда. Мемлекеттік басқаруға демократияның жаңа құралдары енгізілуде", – деп түйіндеді Ерлан Қарин.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр