Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Білім министрі қазақстандық колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері қалай оқитынын айтты

Қазақстанда жоғарғы оқу орындары мен колледж студенттері онлайн және штаттық форматта білім алады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ұстаз

Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында мәлім етті. 

"Алыс ауылды жерлерде және шағын қалаларда орналасқан, бір топтағылардың саны 15-тен аспайтын, 9 мың студенті бар 102 колледж де штаттық режимде жұмыс істеуге мүмкіндік алып отыр. Жоғарғы оқу орындары онлайн форматта оқитын болады", - дейді Аймағамбетов.

Сонымен қатар, министр кейбір тәжірибелік сабақтар дәрісханада өтетінін айтты.

"ІТ, гуманитарлық, әлеуметтік бағыт бойынша дәріс және семинар сабақтары қашықтан өткізіледі. Техникалық, аграрлық, табиғи бағыттар, медицина және өнер мамандықтары бойынша дәрістер 70% қашықтан, ал тәжірибелік сабақтар санитарлық талаптарды сақтай отырып, дәрісханаларда өтеді", - дейді Аймағамбетов. 

Сондай-ақ, министр магистратура мен докторантурада оқу қалай жүзеге асырылатынын айтты.

"Магистратура мен докторантурадағы сабақтар аралас принцип бойынша өтеді, яғни осы формат аясында әр ұйым өз бетінше шешім қабылдайды. Болашақ дәрігерлер әдеттегідей интернатурадан және резидентурадан өтеді", - деді Асхат Аймағамбетов.


Талқылау