Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда -26 градусқа дейін суық болады

Қазақстанда 2020 жылғы 17-19 қарашаға арналған ауа райы болжамы ұсынылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қазгидрометтің хабарлауынша, елімізде суық антициклон жүріп өтеді. Орталығы Самараның үстінде орналасқан cолтүстік-батыс антициклонының жотасы Қазақстанның ауа райына өз әсерін тигізуді жалғастырады.

"Кей жерлерде әлі де қар, оңтүстік пен оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты қар жауады, бірақ антициклонмен түнде ауа температурасының солтүстік аймақтарда 18-26 аязға дейін, оңтүстік аймақтарда 5-15 аязға дейін төмендеуі күтіледі", - дейді синоптиктер. 

Еліміздің кей жерлерінде тұман, оңтүстік жартысында - көктайғақ, солтүстік бөлігінде - бұрқасын күтіледі.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр