Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда үнді фильмі түсіріліп жатыр

Қазақстанның табиғаты үнділерді қайран қалдырды. Қатты қызықтырғаны соншалық, енді еліміздің көз тартар көрікті жерлері үнді режиссері Джея Бидің жаңа фильмінде көрініс табатын болды.

eb0f2069e997a449899a9706addc406d

Бұл туралы  24.kz хабарлайды.

Ол Астана мен Алматыда екі жастың махаббаты жайындағы фильмінің желісін Арқа төрінде түсіріп жатыр. Былтыр Қазақстанға ресми сапарымен келген Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди еліне оралған соң қазақ даласының тамаша табиғаты, зәулім ғимараттары жайында айтып беріпті. Содан бері режиссер Қазақстанда кино түсіруді мақсат еткен. «Махаббат мезгілі» деп аталатын фильмнің басты кейіпкерлері үнді актерлері болғанымен, оқиғаның негізгі бөлігі Қазақстанда түсіріледі.

«Әдетте киноны Еуропада немесе Америкада түсіреді. Мен Қазақстанда түсіргім келді. Осы фильм арқылы елдеріңіз әлемге тағы бір танылады деп ойлаймын. Туризм саласының дамуына да түрткі болады. Қазақстанға туристер көптеп келеді. Себебі, сіздердің салт-дәстүрлеріңізбен етене танысқысы келетін адамдар көп. Ал фильмді үш айдан кейін экранға шығаруды жоспарлап отырмыз», – дейді режиссер Джея Би.

Талқылау