Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан жол салмаған түрік компаниясынан 5,9 миллиард теңгені қайтарып алды

2021 жылы түрік компаниясы "Күрті-Бурылбайтал" жолын қайта жаңартуға келіскен. Бірақ түрік мердігері жол салмағаны анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кursiv.media порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Көлік министрлігінің автомобиль жолдары комитеті техниканы жұмылдыру және материалдарды дайындау үшін 5,9 миллиард теңге көлемінде алғы төлем (аванс) аударған. Түрік мердігері жұмысқа кіріспегендіктен келісімшарт 2022 жылы мамырда біржақты бұзылған. 

"Үкіметтің тапсырмасы бойынша әділет министрлігі 2024 жылы "White & Case LLP" заң фирмасымен бірлесіп Париждегі Халықаралық сауда палатасының төрелік сотына өтініш берді. Келісімге сәйкес түрік компаниясы 26 қыркүйекке дейін 5,9 миллиард теңге авансты қайтарып, әділет министрлігінің қызметтері үшін 280 мың доллар және төрелік жарнаның 85 мың доллар заңды шығындарын өтеуге міндеттенді", – делінген хабарламада.

Әділет министрлігі 2024 жылдың маусым айында мердігер бітімгершілік келісім жасасуды ұсынғанын, оның талаптары бойынша алғы төлемді қайтаруға және департаменттің сот шығындарын өтеуге келіскенін қосты.

Заңгерлік алымдар қызметтер үшін 280 мың доллар және арбитраждық комиссия үшін 85 мың доллар болды. Қаражат 2024 жылдың 26 қыркүйегіне дейін қайтарылады деп болжанып отыр.



Еске салайық, бұған дейін жол апатына түскен оралдық әкімдікті кінәлап 603 мың теңге өндіріп алғанын жаздық. Іс материалдарына сәйкес, Әбілқайыр хан мен Сырым Датов көшесі қиылысындағы жолдың сапасы нашар болғандықтан ер адам жол апатына түсіп, қалтасынан біраз шығын шығарған. Сөйтіп тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жол сапасына қатысты міндетін дұрыс орындамаған деп есептеп, сот арқылы 788 мың теңге ақша өндіруді талап еткен. 

Талқылау