Қазақстан жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша әлемде алғашқы үштікте кірді
Фото: istockphoto.com
Қазақстан жол апатынан қаза тапқандар саны бойынша әлемде алғашқы үштікте тұр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Биылдың өзінде елімізде 15 мыңнан аса жол-көлік оқиғасы тіркелген. Соның салдарынан 1600 адам ажал құшып, 35 мыңнан астамы түрлі жарақат алыпты. Жолдағы ажал санынан Ресей мен АҚШ көш бастап тұр. Үшінші орында Қазақстан. Бұл статистиканы БҰҰ-ға қарасты Еуропалық экономикалық комиссия жариялады.
Маңғыстаудағы трагедия: Он адам қаза тапқан жол апатынан тірі қалған жүргізуші қамауға алынды
Жетісу облысында 10 адам қаза тапқан жол апатына себеп болған көлікті жасөспірім басқарған
Зерттеуге сәйкес, жол апаттарының 90%-ға жуығына жүргізушілердің қателігі себеп болады екен. Әсіресе жылдамдықты шамадан тыс асыру талай жанның өліміне әкелген. Ал жол-көлік оқиғаларының қалған 10%-ы жаяу жүргіншілердің жол ережесін сақтамауынан.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда бірқатар апаттардан кейін Toyota Alphard көлігіне тыйым салу ұсынылған еді.

"Неге сонша нақұрыс болдыңдар": Желіде қазақтарды "құлдар" деп қорлаған әйелге шағым түсті
