Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Ұлттық қорды басқарудан 1,4 триллион теңге шығынға батты

Қазақстан 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Ұлттық қорды басқарудан 1,37 триллион теңгеден астам шығынға батқан, деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігі мәлімдеді.

"2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқарудан түскен теріс инвестициялық кіріс 1,37 триллионнан астам теңгені құрады", –  делінген Қаржы министрлігінің ресми сайтындағы жиынтық бюджеттің атқарылуы туралы есебінде. 

Құжатқа сәйкес, нақтыланған бюджетке сәйкес Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық кіріс 941,6 млрд теңге көлемінде жоспарланған.

Дана Русланқызы
Сәрсенбі, 25 Қаңтар, 2023 18:21
Талқылау