Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан XXI ғасырда грек-рим күресінен әлем чемпионатының алғашқы алтынын алды

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан XXI ғасырда грек-рим күресінен әлем чемпионатының алғашқы алтынын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Хорватияның Загреб қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында грек-рим күресінен қазақстандық Айдос Сұлтанғали жеңімпаз атанды. 60 келі салмақта бақ сынаған қазақ балуаны өзбекстандық Әлішер Ғаниевті жеңді.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Айдос Қазақстанға 26 жылдан кейін ересектер арасындағы әлем чемпионатының алтынын сайлады. Осыған дейін грек-рим күресінен Афиныда 1999 жылы отандасымыз Мхитар Манукян (63 кг) топ жарған. Осы аралықта Алмат Кебіспаев, Мейрамбек Айнағұлов, Демеу Жадыраев, Қорлан Жақанша, Ержет Жарлықасын сынды бозкілем шеберлері бас жүлдеге бір табан жақын болды. Жалпы алғанда Сұлтанғали  егемендік алғаннан бері күрестің осы түрінен ересектер арасындағы әлем чемпионатының финалында күрескен оныншы қазақ палуаны. 

Жұмаділлә Нұрила
Сенбі, 20 Қыркүйек, 2025 22:34
Талқылау