Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан үлгі болды: ҰҚШҰ әскерлері Тәжікстанға енгізілмек

Тәжікстан Таулы Бадахшан автономиялық аймағындағы жағдайды сырттан келген террористер тұрақсыздандырып жатқаны дәлелдесе, онда ел ҰҚШҰ-дан көмек сұрай алады. Осындай жағдайда ахуалды реттеу үшін ел аумағына ҰҚШҰ әскери контингентін енгізуге болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы "Вечерний Бишкек" басылымына Қырғызстан МҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Артур Медетбеков айтқан.

Оның айтуынша, Қазақстан ҰҚШҰ-ның барлық мүшелері үшін үлгі болды.

"Таулы Бадахшан автономиялық аймағынан соңғы бірнеше күн ішінде жаппай наразылық акциялары туралы хабарламалар келіп түсті. Сондықтан ҰҚШҰ-ны Тәжікстандағы Эмомали Рахмон режимін сақтау үшін пайдалануға болады. Басты сұрақ: бұл расында террористер ме, әлде өз халқын, өз билігін қорғау үшін осылай атай ма? Сонымен бірге, азаматтардың арасында Ауғанстаннан келген экстремистер, террористермен байланысы бар есірткімен айналысатын топтары болуы мүмкін. Сондықтан қазір бәрі Тәжікстан билігінің қаншалықты тез жұмыс істейтініне байланысты. Осы тұрғыда Тәжікстан аумағына ҰҚШҰ әскерлерін енгізуді қарастыруға болады", – деді Медетбеков.

Қазіргі уақытта ҰҚШҰ құрамына алты мемлекет: Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіреді.

Тәжікстандағы жаппай наразылық

14 мамыр күні Тәжікстандағы Таулы Бадахшан автономиялы облысында митинг басталды. Наразылыққа шыққандар аймақтағы билік өкілдерінің отставкаға кетуін талап еткен. Ал облыс прокуратурасы ұйымдастырушылар терроризм актісі бойынша іс қозғалатынын айтып, сес көрсеткен. 

Облыс прокуроры Правиз Орифзоданың сөзінше, “заңсыз” акцияны Мамадбокир Мамадбокиров, Мухиддин Кабири мен Алим Шерзамонов елдің қауіпсіздігіне нұқсат келтіру үшін ұйымдастырған. Сондай-ақ ведомстводағылар бұл әрекеттерді терроризм ретінде қарастырып, сәйкес шешім қабылдайтынын мәлімдеді. 

Соңғы күндері Таулы Бадахшандағы жағдай белсенді Амриддин Аловатшоевтың 18 жылға, ММА файтері Чоршанбе Чоршанбиевтің 8,5 жылға бас бостандығынан айырылған соң ушыға түскен. 

Наразылық акциясына шыққандар тұтқында отырғандарды босатып, Бадахшан халқын қудалауды доғаруды және облыс басшысы Алишер Мирзонабот пен Хорога мэрі Ризо Назарзоданың отставка кетуін талап еткен. 

16 мамыр күні қарулы күштер жиналғандарды тарату үшін резеңке оқ атып, көз жасаурататын газ пайдаланған. Кейін бір адамның қаза тауып, тағы үшеуінің жарақат алғаны белгілі болды. Алайда жергілікті билік бұл туралы пікір білдірмеген. 

Айта кетейік, 18 мамыр, сәрсенбі күні таңертең Тәжікстан билігі Таулы Бадахшан автономиялық облысында "терроризмге қарсы операцияның" басталғаны туралы хабарлады.

Тәжікстан ІІМ мәліметінше, ұйымдасқан қылмыстық топ Душанбеден Қытайға қарай жолды жауып тастады. Қылмыскерлердің мақсаты республикадағы қоғамдық-саяси жағдайды тұрақсыздандыру деп атады. Топ халықаралық террористердің қолдауымен елге қару-жарақ пен оқ-дәрілерді әкелді. Қылмыскерлер қатарына "шетелдік жалдамалы" жұмысшылар тартылды.

Сол күні Тәжікстан Ішкі істер министрлігі Рушан ауданында "терроризмге қарсы операция" нәтижесінде ҰҚТ-ның сегіз мүшесі қаза тауып, 11 адам жарақат алып, 70-тен астам адам ұсталғанын хабарлады.

Сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топтардың еліміздің Ұлттық қауіпсіздік комитетінің лаңкестікке қарсы арнайы бөлімшесінің көліктер колоннасына шабуыл жасағаны хабарланды.

Шабуыл кезінде әртүрлі қару түрлері мен Молотов коктейлдері қолданылған. Шабуыл нәтижесінде бір офицер қаза тауып, арнайы жасақтың 13 сарбазы жараланды.

STAN.KZ
Бейсенбі, 19 Мамыр, 2022 09:26
Талқылау