Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан үкіметіне Ұлттық банкті қадағалау тапсырылды

Халықаралық валюта қоры Қазақстан үкіметін Орталық банкті бақылауда ұстауды және оған деген сенімділікті күшейтуге шақырды. Бұл туралы Reuters хабарлайды.

Аталған хабарлама Ұлттық банктің валюта бағамын ұстап тұру үшін әртүрлі әдістерді қолданғаны белгілі болған соң жарияланды. Банк сауда-саттық барысына араласып, доллар сатып алу туралы өтініштерді қабылдамай, кешіктіріп отырған. Іс жүзінде әңгіме шетел валютасына қойылған  шектеулерге, өзгермелі бағамға қатысты.

Орталық банктің мұндай механизмді қолдану туралы ақпарату қазан айында пайда болды. Оған банк өз кезегінде болған жағдай теңге бағамы мен сауда-саттық көлеміне қатысты емес екенін айтты. 

Алайда, экономистер Орталық Банк мұндай "интервенцияны" әлі де сақтайды деп санайды — теңге бағамы мәселесі ел үшін саяси тұрғыда маңызды. Өткен жазда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз етуді талап етті. Орталық Банктің осындай саясатына байланысты несие ұйымдары банкаралық нарықта доллар сатып алуға мәжбүр, онда ол сәйкесінше қымбатырақ. Алайда теңге валюта нарығында өз мәртебесін сақтап отыр.

Халықаралық валюта қоры Қазақстанды инфляцияны реттеуге бейілділігі үшін мақтады, алайда ұлттық валютаның икемді және барабар бағамы реттеушіге деген сенімді арттыратынын және экономиканың долларлануын төмендетуге ықпал ететінін атап өтті. Осыдан кейін және реформалар жүргізілгеннен кейін инфляция айырбас бағамының құбылмалылығына тәуелділігі аз болады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр