Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан үкіметі 2021 жылы теңге бағамы қанша болатынын айтты

Қазақстан үкіметі 2021 жылы бір доллардың бағасы 425 теңгені құрайды деп болжам жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді. Мамин министрлер кабинеті Қазақстанның 2021 жылға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамын қайта қарайтынын айтты.

"Ұлттық валютаның бағамы 2021 жылы бір доллар үшін 425 теңге болады деп болжануда", - деді премьер-министр.

Оның айтуынша, 2021 жылы ЖІӨ-нің нақты өсімі 3,1%-ды құрап, мұнай бағасы барреліне 50 доллар деңгейінде болады деп болжануда.

Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев түсіндіргендей, жыл басынан бері мұнайдың орташа бағасы барреліне 61 доллар болды. Сонымен қатар, халықаралық қаржы ұйымдарының биылғы жылға арналған мұнай бағалары туралы болжамдары барреліне 44 доллардан 67 долларға дейін өзгеріп отырады. Сондықтан макро көрсеткіштер бойынша мұнайдың орташа жылдық бағасы барреліне 50 доллар деп белгіленді.


Дана Русланқызы
Сейсенбі, 20 Сәуір, 2021 13:24
Талқылау