Қазақстан Түркиядағы жер сілкінісі салдарынан қираған әлеуметтік нысандарды салуға көмектеседі
Қазақстан Түркиядағы сан мыңдаған адамның өмірін қиған жер сілкінісі салдарын жоюға, қираған әлеуметтік нысандарды салуға көмектеседі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының ХІІ пленарлық отырысында белгілі болды. Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов жұмыс сапары аясында Анкара төрінде айтты.
Ол алдағы уақытта Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Түркиядағы жер сілкінісі аумағында бірқатар әлеуметтік ғимараттың құрылысы жоспарланып отырған атап өтті.
Еске салайық, Түркиядағы жер сілкінісі 50 мыңға жуық адамның өмірін қиды. Ал көрші Сирияда 9 мың тұрғын көз жұмды. Мыңдаған ғимарат қирап қалды.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”