Қазақстан түрікмендік алып Галкыныш кен орнын игеруге қосылмақ
Фото: Оilgas.gov.tm
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан Халық мәслихатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедовпен бейресми кездесу өткізді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Келіссөздер барысында тараптар Түркіменстанның Галкыныш газ кен орнын игеруге Қазақстанның қатысуын талқылады.
“Газ саласындағы серіктестікті кеңейту, нақты айтқанда, Қазақстан тарапының шетелдік серіктестермен бірге Галкыныш кен орнын игеру жобасына қатысу мәселесіне мән берілді”, – деп жазды Ақорда.
2013 жылы Түрікменстан мен Қытай 2009 жылдан бастап игеріле бастаған Галкыныш кен орнында тауарлық газ өндіретін зауыттар кешенін іске қосты. Ол кезде бұл учаскеде шамамен 26,2 триллион текше метр газ қоры бар екені хабарланды. Бұл оны Оңтүстік Парс (Иран мен Катар) кен орнынан кейінгі әлемдегі ең ірі газ қоры бар кен орны ретінде екінші орынға шығарады.
Кен орнын игерумен "Түрікменгаз" компаниясы шетелдік серіктестерімен, атап айтқанда Қытайдан CNPC, Кореядан LG International Corp және Hyundai Engineering компаниялармен бірлесіп айналысады. Ал Біріккен Араб Әмірліктерінен Petrofac пен Gulf Oil & Gas FZE. Жобаға шамамен 10 миллиард АҚШ доллары көлемінде инвестиция салынды, оның 8 миллиарды Қытай тарапынан несие ретінде берілген.
"Галкыныш" кен орнын игеру жеті кезеңге жоспарланған. Қазір оның алғашқы кезеңі жүзеге асырылып жатыр. Кен орнында 52 өндірістік ұңғыма жұмыс істеп тұр, ал тағы 10-нан астамы белсенді бұрғылау сатысында. "Галкыныш" кен орнының пайдалану мерзімі 50 жылға бағаланып отыр.
Консалтингтік Gaffney Cline & Associates компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Тим Дэвис Түрікменстан инвестициялық форумы барысында Түрікменстан "Туркменгаз" және "Туркменнебит" мемлекеттік концерндерімен бірлесе отырып, "Галкыныш", "Яшлар" және "Гаракель" кен орындарының қорларын әрі қарай игеру үшін белсенді түрде инвестициялар іздеп жатқанын мәлімдеді.
Түрікменстан табиғи газ қоры бойынша әлемде Ресей, Иран және Катармен қатар төртінші орында тұр. Түрікмен табиғи газының ең ірі сатып алушысы – Қытай Халық Республикасы. Сонымен қатар Түрікменстан – Ауғанстан – Пәкістан – Үндістан газ құбырының құрылысы жүргізіліп жатыр.
Кезедсу барысында мемлекет басшысы "Тургунди – Герат – Кандагар – Спин-Булдак" темір жол құрылысының жобасына назар аударып, аталған жоба табысты жүзеге асса, көлік бағыттарын әртараптандыруға, экспорт нарықтарын кеңейтуге жол ашатынын айтты.

"Саусақтары күйіп, денесі құрысып қалды": Талдықорғанда Kaspi терминалын ұстаған баланы тоқ соқты (видео)
