Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан тумасы UFC рейтингінде ТОП 5-ке жақындады

Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев (12-1) соңғы жекпе жегін нокаунтпен аяқтады. Нәтижесінде ол UFC-дің жаңартылған рейтингінде 7-орынға табан тіреген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Ол бұған дейін рейтингте 9 орында еді. 

"Қазір мен үш жыл бұрын айтқанымдай, буындар алмасуының қызған шағы. Жақында топ 5-те басқа спортшылар болады" - деп жазды өзінің инстаграм парақшасында файтердің менеджері Саят Абдрахманов.

Естеріңізге салсақ, Физиев бұған дейін бразилиялық Рафаэл Дос Аньості (31-14) айқын басымдықпен жеңген болатын. Кездесу Лас Вегастағы UFC Vegas 58 октагонында өткен болатын. Рафаэль өзінің аттас қарсыласын 5-раундтың басында нокаунтқа түсірді. 

Осылайша Физиев UFC-дегі Жеңіс сериясын алты жекпе-жекке дейін ұзартты.

Рысбек Арапханұлы
Сейсенбі, 12 Шілде, 2022 12:55
Талқылау