Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қазақстан төтенше жағдай кезінде елде қалып қойған шетелдіктердің визасын 10 шілдеге дейін созды

Қазақстан төтенше жағдай режимінің енгізілуіне байланысты елмізден кете алмай қалған шетелдіктердің визасын 10 шілдеге дейін созды. Бұл туралы ҚР ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен халықпен онлайн кездесу барысында Беларусь елінің азаматынан келіп түскен сауалға жауап берді: "Төтенше жағдай кезінде барлық көлік түрлерінің мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың және тіркеу мерзімін ұзартумен айналысатын Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысы, өкінішке орай, жабық болды. Сонықтан Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет төтенше жағдай кезеңінде жарамдылық мерзімі аяқталған барлық құжаттарды 60 күнге созды. Яғни, 10 шілдеге дейін азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды", - деп жауап берді.

Министр елімізде жүрген шетелдіктер тұрып жатқан жерлерін өзгерте алатындықтарын да айтты. Елордамызда жүрген Беларусь азаматына және осындай жағдайда қалған шетелдіктерге көші-қон қызметі қызметкерлері кеңес беріп, сұрақтарына жауап бере алады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр