"Қазақстан темір жолы" басшысының жалақысы қанша екені белгілі болды
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Нұрлан Сауранбаев айлық жалақысы қанша екенін айтты.

Айтуынша, оның айлық табысы – 1 миллион теңге. Бірақ ҚТЖ басшысы ұлттық компания топ-менеджментінің өткен жылы қанша сыйақы алғанын айтпады. Сөзінше, топ-менеджмент жалақыны коэффициент жалақысына қарай алады.
"Жалақым – 1 миллион теңге. Ал қосымша төлемдер ұпайлық жүйемен есептеледі. Әркімде әртүрлі, қазір бұл соманы айта алмаймын. Ал басқарма мүшелеріне бонустар төленбейді”, – деді Сауранбаев сенат отырысында.
Ол ҚТЖ басқарма мүшелеріне сыйақы берілмейтінін, ал бонустар, яғни қосымша төлемдер жыл соңында төленетінін айтты.
Нұрлан Сауранбаев ҚТЖ ұлттық компаниясының басқарма төрағасы болып 2021 жылдың сәуірінде тағайындалды. 2022 жылы ол компанияның жалақы қоры 331 миллиард теңге болғанын хабарлады.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі